"Еліміздің болашағы - дарынды жастар" тақырыбында Шортанбай жалпы орта мектебінде дарындылар слеті өтті.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Светлана Амангелдіқызына беріліп, салтанатты түрде дарынды оқушыларды марапаттады.
Мектептің 78 оқушысы 2023-2024 оқу жылы ішінде түрлі деңгейдегі олимпиадалар, шығармашылық және спорттық байқауларға, белсене қатысып, жүлделі орын иеленіп, мектеп абыройын асқақтатқаны үшін "Алғыс хатпен" марапатталынды. «Еліміздің болашағы-дарынды жастар» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын дамыту, бір-бірімізге деген жанашырлық танытып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру, жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырыла отырған слетіміз бәсекеге қабілетті болашақтың дарынды тұлғасы ол кім?-, дейтін болсақ, ол кешегі өзінің дарындылығымен, қабілеттілігімен, татулығымен көрсеткен жас ұрпақ және оны тәрбиелеген ұлағатты ұстаз бен талантты тұлғаларды айта аламыз.
Шара Райымбек Амираның орындауындағы "Қазақстан балалары" әні мен Амиржанов Әділеттің орындауындағы "Кероғлы" күйімен аяқталды.