«Шортанбай» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтті

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізу кестесі жасақталып, бастауыш партия ұйым төрағаларымен партия жарғысының нормаларына сәйкес міндетті рәсімдік мәселелерге ерекше назар аудара отырып, тамыз айының 8 мен 10 аралығына жиналыстар өткізу жоспарланған.

09.08.2023 жылы кестеге сәйкес «AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалына қарасты «Шортанбай» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтті. (Онлайн форматта)

Бастауыш партия ұйымының жиналысында 4 мәселе күн тәртібінде қаралды:

1) БПҰ-ның 2022-2023 жылдары атқарған жұмыстарының есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы;

2) "Шортанбай" БПҰ-ның төрағасын сайлау.

3) Бюро құрамын саулау.

4) Аудандық XLI конференциясына делегат ұсыну.

Жиналыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, талқыланып, қаулы қабылданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT