Шортанбай ауылдық округ әкімі аппаратының 2023 жылға жұмыс жоспарына сәйкес ауыл бойынша көшедегі ескі шамдар жаңартылып, орнына энергия үнемдегіш лэд жарық шамдарды орнату жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта, ауылдың Ә.Сәрсенбаев және Жеңістің 40 жылдығы көшелеріне жарық шамдары толықтай орнатылмақ. Оның ішінде 6 дана жаңа электр бағанасы қойылды. Ауылға кіре берісінен бастап қондырылған жарықдиодты шамдар енді түн ішінде тұрғындарға қолайлы болмақ.
Жарық - ол әуелі түнгі мезгілде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Бүгінгі күні жарықтандыру жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Бұл жұмыстар, әрбір көшеге кезең - кезеңімен жоспар бойынша жасалатын болады.
Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты ММ