Шортанбайға аурухана қажет

(0 Votes)

Көптоғай, Дыңғызыл, Шортанбай ауылдық округтерін қосқанда 8 мыңға жуық халық бар.

Бірнеше жылдар бұрын Шортанбай ауылында аталған үш округті қамтитын 50 орындық аурухана болды. Кейін ол тозығы жеткеннен кейін заманауи талапқа сай 15 орындық аурухана ашылды. Өкінішке орай, ол да жабылды. Қазір емхана ретінде қабылдайды. Аудан орталығы бізден 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Оған жағдайы ауыр науқастарды жеткізу қиын. Сондықтан, ауыл тұрғындарына ортақ мәселе – аурухананы қайтадан ашуды сұраймыз.

Рауила Дощақова, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, Шортанбай ауылдық округінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT