Құрманғазы ауылдық округіне қарасты Шипажай мөлтек ауданы мен ПМК мөлтек аудандарын қосатын, Шарон өзені арқылы өтетін 2 көпір құрылысы жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда -, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес, мердігер мекеме "МПК-проект" ЖШС анықталып, келісімшарт жасалды. Тапсырыс беруші Құрманғазы ауданы әкімдігі.
Жоба бойынша көпір ұзындығы 200 метр, 2 көпір құрылысы қоршауымен, 1 шақырым ауылішілік жол, 1 шақырым тротуар құрылысы, 1 көше жарығы, жағалауды нығайту, 6 жерде 1000 дм су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары қамтылады.
Жобаның жүзеге асырылуы 2026-2027 жылдарға деп жоспарланып отыр.