Шетелдіктерге қарастырылған жаңа заңнама

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ішкі істер органдарында шетелдіктерді уақытша тіркеуді жою мәселесін пысықтады.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаралып жатқан Заң жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Қазіргі уақытта осы заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында қаралуда.

Түзетулермен ішкі істер органдарында шетелдіктерді тіркеуді жою көзделеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында тіркеусіз, не тіркелу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті болдырмайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасында 30 тәуліктен астам болатын шетелдіктер уақытша болуға арналған рұқсатты ресімдеуі қажет, бұл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді.

Шетелдіктің келуі және оның уақытша тұруына арналған рұқсатты ресімдеуі туралы ақпарат үшін барлық жауапкершілік оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.

Қабылдаушы адамдарда шетелдіктердің уақытша болуы туралы олардың хабарлау тетігі қазіргі уақытта «Халықтың көші-қоны туралы» Заңмен көзделген, хабарлау рәсімі автоматтандырылған және «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйенің визалық-көші-қон порталы арқылы іске асырылады.

Н.Кубашев,

Құрманғазы АПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT