Рейд жұмысы мұнан соң Нұржау, Орлы ауылындарында жалғасты.
Бұл округтердің біртабан аудан орталығына жақын орналасқандықтан болар дүкен иелері саудада қапылыстың жоқтығын, соған қарамастан барлық талаптардың орындалып жатқандығын қаперге берді. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Құрманғазы ауданындағы уәкілі, заңгер Ұлмекен Сапарова рейдтің қорытындысымен газетімізге шағын сұхбатын берді. – Аралау барысында жағдайдың қалыпты екеніне көзіміз жетті. Баға біршама тұрақталды, кей жерлерде әр тауарларға байланысты азын-шоғын айырмашылықтар бар. Мұны кәсіпкерлер алған жерлерінің босату құнының көтеріңкі болуымен түсіндіреді. Сонда да жаңағы айтып өткен ішкі сауда нысандарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағалар мөлшерінің сақталуы қажет деп білемін. Сондай-ақ, бір адамға мөлшерден тыс тауар алу жайттарының болдырмау да айтылды, «Өле жегенше, бөле же» дегенді тұрғындарға түсіндіруіміз қажет, - деп ойын қорытты.
Мәселеге орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Өмірболат Есенғазиев тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, бағаны негізсіз көтермеу, карантиндік режимнің талаптарын түсіндіру жұмыстары алға қарай басқа да ауылдық округтерде жалғасатынын жеткізді.
А.НӘЖІМОВ