Шекарашылардың өмірімен танысты

(0 Votes)

Ұлтымызда елін жаудан қорғауда ерлігімен аңыз болған оғландарымыз баршылық. Өлең-жырға арқау болған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай сияқты батырларымыз жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербелді. Олар елін, жерін сүйген батырлар. Ал мұндай батырлар туралы шығармалар ұрпағымызды патриоттық сезімге баулитыны талас тудырмайды.

Ал бүгінгі күннің шекарашылары болса, еліміздің шекаралық аудандарындағы оқушылармен елшетін күзету туралы ашық сабақтар жүргізіп, қырағылыққа тәрбиелеуде. Осындай шараның бірі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты «Ер Қосай батыр» шекара бөлімшесінде ұйымдастырылды. Өткізілген шарада оқушыларды шекара шебін күзетуде өз үлестерін қосып, жас шекарашы достығын нығайтуға, ерікті жасақ мүшелері ретінде Мемлекеттік шекараны берік күзетуге шақырып, күнделікті жауынгерлік қызметімен кең көлемде таныстыру қарастырылған. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілген сабақты бөлімше бастығының орынбасары лейтенант Қуаныш Серикұлы Буланбаев жүргізді. Ол алғашқы сағатты Шекара қызметінің тарихын кең көлемде таныстырумен бастады. Содан кейін, шекарашы ұжымның күнделікті қызметте қолданатын түнгі көру құралымен, қару-жарақпен, байланыс құрал-жабдықтарымен және техникалық құралдарымен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына шекара күзету ісіне қызметтік иттерді пайдалану бойынша тәжірибе жүзінде жаттығулар көрсетілді. Өскелең ұрпақ үшін «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мақалды басшылыққа алып өткізілген тың ақпаратқа толы тәрбие сағаты мектеп оқушыларының мамандық таңдауда әскери қызметші болсам деген армандарына қанат бітірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT