Еліміздің батыс қақпасында ел күзетінде тұрған шекарашылар 184 санды референдум учаскесіне әскери тәртіппен сап түзеп келіп өз таңдауларын жасап кетті.
Референдум өткізу еліміз үшін өте маңызды, бұл жауапкершілігі зор қадамнан жас шекарашылардың шет қалмағаны қуантады. Осындай елдік істе бірлесе белсенділік танытатын сарбаздарымыз бар да ел тыгыштығына сенім мол.