ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша Департаменті Жағалау күзетінің 3 дивизионның әскери қызметшілерімен, Атырау қаласы Сарайшық арнаулы әлеуметтік орталығы қызметкерлерімен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі 18 жастағы балалармен Жеңіс саябағындағы ойын-сауық орталықтарына барды.
Ойын-сауық орталықтарында әр баламен шекара қызметкерлері жеке жұмыс жасап, көңілді өткізуге ат салысты. Балалар түрлі атракциондарда көтеріңкі көңіл күймен ойнады. Түс ауа балалар шекара қызметкерлерінің ұйымдастыруымен арнайы түскі ас ішуге дәмханаға барды.
«Балаларға қуаныш сыйлау үшін арнаулы күндер керек емес, біз қолымыздан келгенше қуаныш сыйлауға тырысамыз» - деген шекара қызметкерлерінің өкілдері Атырау облысына қарасты мектеп оқушыларын шекара катерлеріне шығарып, шекарашылардың теңіздегі өмірлерімен таныстырып қайтқан болатын.
Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің ақпарат бөліміне жауапты өкілі Өмірбат Айтәлінің айтуынша, «шекара қызметкерлері бұндай игі іс-шараларды үнемі жасап отырады. Солардың бірі жақында ғана орын алған біздің шекарашы «М» есімді қызметкеріміз өз атынан Атырау облысына қарасты балалар үйіне 20 артапедтік аяқ киімдер сыйға тартқан болатын.
«Жақсылық жасау үлкен сауапты іс екенін ұмытпаған жөн. Балалар біздің болашағымыз»- дейді шекара қызметінің өкілі.