Құрманғазы ауданы шекаралық аймақ саналатындықтан оның тұрғындарының елдің тыныштығы мен тұтастығын қамтамасыз етуде қырағылық танытып, шекарашыларға көмектерін көрсетіп отырулары маңызды.
Елімізге бөгде адамдардың заңсыз жолмен келуіне тосқауыл қоюға сіздердің қолдауларыңыз аса қажеттігін айтқым келеді. Елжандылық, отансүйгіштік қасиеттермен ерекшеленіп, қарау ниеттілердің алдын алуға сіз бен біз болып бірлесе атсалысуымыз қажет.
Біздің мемлекетімізде көрініс бермегенімен көршілес Ресей елінде ондай әрекеттерге барушылар ара-тұра кездесіп тұрады. 2018 жылы Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі Челябі облысы бойынша шекара басқармасы қызметкерлері шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды шекарадан заңсыз өткізумен айналысатын ұйымдасқан топты әшкереледі. Қылмыстық топ Свердлов, Түмен, Мәскеу және Челябі облыстарының шекаралық басқармаларының бірлескен іс-шараларының нәтижесінде қолға түсті. Заңсыз әрекеттерге барған 8 адам тұтқындалып, 14 қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу нәтижесімен Ресей азаматтары Панин және Сибогатов ұйымдастырған заңсыз көші-қон жолы 2017 жылдың қазан айы мен 2018 жылдың қарашасы аралығында 8 шетелдіктің ел аумағына кіруіне көмек көрсеткендері анықталды. Челябі облысы Варнен аудандық соты Панинді 3 жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге кессе, Сибогатов жалпы режимдегі колонияда 2 жыл отыратын болды.
Тегін пайда табамын деп ойлағандар ақыры аяғында тұтылып, абақтының ар жағына кете барды. Бұл жерде айтпағымыз осындай әрекеттерге барып арандап қалмаңыздар дегіміз келеді. Таныс-туыстарыңыздың да қылмыстық жолға түсуінен әркез сақтандырып отырыңыз.
Дәулет АБСАМАТОВ,
2016 әскери бөлімінің командирі, подполковник