Шекарадан өтуге шектеу қойылды

(0 Votes)

2020 жылғы 16 наурызда сағат 08:00-ден бастап ерекше өкімге дейін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне төменде аталғандарды қоспағанда шектеу жасалады:

- Бұған дейін шет мемлекет аумағына шығып, қайтадан Қазақстан Республикасына оралған еліміздің азаматтары,

- Емделуге байланысты қолында Денсаулық сақтау мекемесінің растайтын құжаттары бар шекарадан өтуші Қазақстан Республикасының азаматтары,

- Бұрын еліміздің аумағына кірген, енді шыққысы келетін шетелдіктер,

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі елге шақырған персоналды дипломаттық қызметтегі және шет мемлекеттегі, сонымен қатар халықаралық ұйымдағы делегация мүшелері,

- Поездардың, локомотивтік бригаданың, әуе және теңіз кемелерінің мүшелері,

- ҚР аумағындағы трансшекаралық құрылыстардың қызмет көрсетуші персоналдары мен шектес мемлекеттер аумағындағы қазақстандық трансшекаралық қызмет көрсететін адамдар,

- Шектеулер енгізілгенге дейін транзиттік жолаушылар поездарында жүрген және кеткен шетелдіктер (2020 жылғы 16 наурыз күнгі сағат 08.00-ге дейін),

- Шетелдіктер, Қазақстан Республикасы аумағында азаматтығы жоқ куәліктері бар азаматтар,

- ҚР азаматтарының отбасы мүшесі болып табылатын шетелдіктер (туыстық қатынасы бар дерегі расталған жағдайда әйелі, күйеуі, олардың ата-аналары және балалары),

ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге сәйкес, азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жүгіну жағдайларын қоспағанда, 2020 жылғы 16 наурызда сағат 08.00-де қазақстандық-ресейлік «Құрманғазы» (автокөліктік), «Ганюшкино» (теміржолдық), «Атырау» (әуелік), «Жалғызапан-Басқұншақ», «Балқұдық-Харабайлы», «Қиғаш- Малый арал», «Көктоғай-Теплинка» шекараны кесіп өткізу орындары арқылы жергілікті тұрғындарды өткізу тоқтатылады.

Төлқұжаттарында қауіп төнген елдерге бару туралы белгілерді анықтау мақсатындағы жұмыс күшейтіледі, бақылаушылар құрамына бұйрықты орындамағаны және әрекетсіздігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі. Әуе өткізу пункттерінде ҚР азаматтарына қатысты жол жүрудің бағытын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда (ішкі төлқұжат немесе шетелдік төлқұжаттың болмауы) тексеру және шешім қабылдау үшін ЖБК қызметкерлері шақырылады. Енгізілген шектеулер туралы шектес мемлекеттердің шекара өкілдері өзара іс-қимыл жасайтын органдар, халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын ұйымдар хабардар етіледі.

Жергілікті билік органдарымен бірлесіп енгізілетін шектеулердің уақытша сипаты және оларды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге ғана бағытталатыны туралы шекара маңындағы елді мекендерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.

Е.Рафиков,

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2016 әскери бөлімі командирінің орынбасары, 2 дәрежелі капитан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT