Шекарадан өту тәртібі қадағалануда

(0 Votes)

Ел аумағына тиiстi рұқсатсыз немесе белгiленген тәртiптi бұза отырып, кесіп өткен немесе кесіп өтуге әрекет жасаған өзге де адамдар, техникалық және өзге де құралдар мемлекеттік шекараны бұзушылар болып танылады.

Сондықтан мемлекеттік шекараға өткізу режимі тағайындалады. Өткізу пункттеріндегі режим – адамдардың, көлік құралдарының өткізу пункттеріне кіру, оларда болу, жүріп-тұру және олардан шығу, жүктер мен тауарларды әкелу, орналастыру, өткізу, әкету тәртібі. Осы тараудың күші мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға және жүру жолында шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу кезінде теміржол көлігі құралына қолданылады және олар аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты «Құрманғазы» автокөлік бақылау бөлімшесіне ағымдағы жылы тексеріп-қарау құрылғысы іске қосылды. Аталған құрылғы кез-келген автокөліктерді сканерлеу арқылы заңсыз шекарадан өткізбек болған заттарды анықтайды. Жалпы құрылғы іске қосылғалы 10 аса заңсыз шекарадан өткізбек болған заттар анықталып, олар бойынша қажетті шешім қабылданған. Әлемде орын алған пандемияға байланысты мемлекеттік шекарадан санитарлық нормаларға сәйкес және ішкі нұсқаулыққа сай жұмыс жасалуда. Аталған бағытта Батыс аймағының әскери прокуратурасымен және де басқа уәкілетті органдармен мемлекеттік шекарадан өту заңдылығы қадағалануда.

 

М.Абубакиров,

Батыс аймағы әскери прокуратурасының аға прокуроры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521