Шекарадан күніне150 фура, 40-50 «Газель» өтуде

(0 Votes)

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Карл Отаров мұнда қан сынамасын алатын орын ашқалы отырғандарын айтып, онда үш дәрігер кезекшілікте тұратынын жеткізді.

Барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады. Алайда ол дәрігерлер тәулігіне бір адамнан жұмыс жасайды.

Мұны естіген 2016 әскери бөлімі «Құрманғазы» шекаралық бақылау бөлімшесінің басшысы Болысхан Нұғыманов: – Бұл жерден күніне 150 фура, 40-50 «Газель» автокөліктері өтеді. Фураларда (ірі жүк көліктері) екі адамнан болады. Сіз жаңа ғана бір адамнан қан сынамасын алып, ауру бар-жоғын анықтауға 15-20 минут кететінін айттыңыз ғой. Шекарадан өткізудің өзінің рәсімдері де бар. Соның бәрін қоссақ бір сағатқа созылып мұнда ондаған көліктер шоғырланып, өткізу жұмыстары баяулайды, - деген алаңдаушылығын білдірді.

img_1255

Оған берілген жауапта бұған жол берілмейтіні, қан сынамасы «Экспресс әдіс» түрімен жасалатыны айтылды. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев ауырып, қызуы көтерілген жүргізушілері бар автокөліктерге шекарадан Атырау қаласына дейінгі аралықта полиция көлігін ілестіру қажеттігін алға тартты. Шекарадан өтті ме аудан территориясынан шығып кеткенше бақылауда ұсталуы тиіс. Өйтпеген күнде олар жолай тоқтап, азық-түлік дүкендеріне, тамақтану орындарына кіруі, сөйтіп коронавирус таралуы қаупін арттыруы мүмкін.

img_1258

«Құрманғазы» шекаралық өткізу пунктін аралау барысында аудан әкімі Қайрат Талапұлы мұндағы сақтық шараларын күшейту жұмыстарына әзірге көңілі толмайтынын айтып, қасына ілескен құзырлы органдар басшыларына оны тиісті дәрежеде ұйымдастыруды мықтап тапсырды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT