Шекарадағы тәртіп қатаң бақылауда

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында аудан әкімі Марат Мурзиевтің төрағалығымен жиналыс өтті. Оған құқық қорғау органдары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде шетелдіктердің ҚР мемлекеттік шекарадан өтуі кезінде Құрманғазы ауданы аумағында құқық бұзушылықты болдырмау үшін мүдделі органдардың өзара іс қимылының тәртібі туралы мәселе қаралды. Бұл туралы Құрманғазы шекара бөлімінің бастығы Ю.Гафаров баяндады. Ол шекарадағы тәртіпті қадағалауда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқарып жатқанын, Красный Яр ауданындағы «Қараөзек» бекетінде қазіргі таңда 11000-12000-дай ресейлік Қазақстанға өту үшін кезек күтіп тұрғанын,  таксилердің көптігін, жақын маңдағы сауда дүкендерінде тамақ бағасы 2-3 есеге өсіп кеткенін қаперге беріп, келушілерді аудан орталығына жеткізуүшін қоғамдық көлік ұйымдастырудың ретін сұрады. Аудандық полиция бөлімінің басшысы Найзабек Құбашев күні бүгін ауданымызға 50 шетелдік тұрақтауға ниет білдіріп отырғанын, олардың дені бұрын осында тұрған кейін Астрахань қаласына көшіп кеткен немесе осындағы тұрғындардың Ресейдегі туыстары.

ab66fbf9-e9c3-49ce-98eb-804ba70d25c1
Аудан әкімі М.Мурзиев
полиция қызметкерлері шекара бекетінде рейдті жалғастырып, қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.Сонымен қатар, аудан басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты жедел топ құруды, оның құрамына мүдделі органдарды енгізуді аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Маркс Мұстахишевке жүктеді. Сондай-ақ, округ әкімдеріне ауылға келген шетелдіктердің тізімін біліп отыруды, олардың тіркелуі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізуді, алдағы уақытта жұмыспен, балалары болса балабақшамен, мектеппен қамту мәселелерін назарда ұстауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қатаң бақылауға алуды, мониторинг топтардың жұмысын жандандыруды міндеттеді. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Балағазы Иманғалиев азық-түлік тиеген газель автокөліктері шекара пунктінде екі-үш күн түнеп тұрып қалып жатқанын жеткізіп, оларды кезекке тұрғызбау жөнінде кәсіпкерлердің ортақ өтінішін білдірді. Құрманғазы шекара бөлімінің бастығы Ю.Гафаров мұны ұйымдастыруға мүмкіндік болатынын айтты. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі М.Мурзиев сала, округ әкімдеріне құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азық-түлік бағасын шарықтатпау, тұрақтап қалып жатқан шетелдіктерге түсінік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды жүктеді.                                ​​

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521