Шекарада тағы бір контрабанданың жолы кесілді

(0 Votes)

Осыдан бір күн бұрын Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты Құрманғазы автокөліктік бөлімшесінде Өзбекстан азаматтары арам пиғылдарын жүзеге асырмақ болған жерінен құрықталды.

Құраманғазы автокөліктік бөлімшесінде «Хорезм -Санк-Петербург» бағытындағы ПАЗ  автокөлігіне инспекциялық тексеру кешені арқылы адам көзі жетпейтін, ит тұмысы бармайтын жерлерін шекаршылар тексеріп қарады. ИТК автокөліктің қосымша дөңгелегінің ішінде белгісіз ұнтақ болғанын көрсетті.

nasybaj1

Шекарашылар сол арада тереңдетіп тексеруге шешім қабылдады. Тереңдетіп тексеріп қарау барысында автокөліктің қосымша дөңгелегінің ішіне жасырылған 70 кг асатын жасыл түсті лас ұнтақ (насвай) екендігі белгілі болды. Заң бұзған Өзбекстан азаматтары Құрманғазы ауданы бойынша құзырлы мекемеге тапсырылды.  Тергеу жалғасуда.

nasybaj3

Осылайша адам көзі мен ит тұмсығы жетпейтін қиын жерде орналасқан контрабанданының Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты шекарашылары шет мемлекетке өтуіне жол бермеді.

АЙТӘЛІ Өмірбат,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі.

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Аға лейтенант

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT