Шекарада контрабанданың жолы кесілді

(2 Votes)

Бүгінгі заман ақпаратпен техниканың қатар келген уақыты екені хақ. Бір ғана тетікпен бірнеше сұрақты шешуге болатыны белгілі. Кез-келген сала өз жұмысының заман талабына сай атқару мақсатында түрлі жаңа техниканы пайдаланып келеді.

ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіде бұндай құралдардан қалыс қалған емес. «Заманың түлкі болса-таз боп шал»-деген ұлы қазақ сөзі бекер айтылмаса керекті. Осы сынды соңғы үлгідегі инспекциялық тексеру кешенін (ИТҚ) шекарашыларымыз қарқынды пайдаланып келеді.

Құнының құны құйма алтыннан қымбат қасиетті қазақ шекарасының шебін асқан қырағылықпен күзетіп келе жатқан Атырау облыстық департаментіне қарасты «Құрманғазы автокөліктік шекаралық бақылау бөлімшесі» бүгін жаңа техниканың қуатына куә болды. Орнатылғанына көп бола қоймасада өзінің алғашқы нәтижелерін көрсетіп үлгерді. «Соншалықты мақтанатындай қандай күші бар»-деген сұрақ бірден ойыңызға келгені мәлім. Ендеше назар салыңыз.

karkotik3

narkotik4

Бұл құрылғы кез-келген автокөліктің адам көзі жетпейтін бұрыштарын еш қиындықсыз көз алдыңызға шығара алатын шебер техника. Оған дәлел осы жылдың 5 ақпанында жоғарыда аталған автокөлік өткізу бекетінде «Өзбекстан «Урген» - Ресей Федерациясы «Санкт-Петербург»» бағытындағы, «ИСТИНА» автокөлігінің есік қаптамасында күдікті заттың болғандығын ИТК құрылғысы анықтады. Белгілі берген құрылғының нұсқауы бойынша тереңдетіп тексеру барысы жүзеге асырылды.

Тексеру барысында көлік есігінің және салон қаптамасында барлығы 105келі көлемінде жасыл түсті ұнтақ (насвай) анықталды.

Сұрау жұмыстарын жүргізу барысында аталған азаматтар 2021 жылғы 05 ақпан күні 105 келі лас, жасыл түсті ұнтақ затын Өзбекстан Республикасы, Ургенч қаласындағы базарынан алып, автокөліктеріне жасырып, Ресей Федерациясына өтпек болған.

narkotik2

norkotik1

 

Алайда қылмыскерлердің бұл ойы жүзеге аспады. «Құрманғазы автокөліктік шекарылық бақылау бөлімшесінде» қолға түсті.  Ұсталған азаматтар Атырау облысы, Құрманғазы ауданының полиция бөліміне тапсырылды. «Құрманғазы автокөліктік бақылау бөлімшесі» бүгінде ел шебін қорғауда аянып қалған емес, оған дәлел жыл басынан бергі уақытта біршама қылмыстың беті осы бөлімшеде ашылды. Оларға екі жақты жалған құжат жасап өтпекші болған үш азаматтың ұсталуы. Яғни еліміздегі карантиндік жағдайды пайдаланып құйтырқы әрекетпен өтпекші болған жан иелері сол арада анықталып құзырлы мекемелерге тапсырылды.

Міне дамыған заманның құдретті техникасының деңгейі осы. Заман көшінен қалмау үлкен тежиірбие мен білімнің арқасы екені рас. Сол себепті шекарашыларымыз өздерінің кәсіби деңгейін күннен -күнге жоғарлатып келеді. Осындай соңғы үлгідегі тексеру құралдарын ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті жоғарғы деңгейде пайдаланып келеді. Бабаларымыздан қалған қасиетті қазақ даласын күзетудегі, заманға сай шекарашыларымз абыроймен атқарып келеді. Ұрпағымыздың бейбіт таңды көруі, шекарашылар еңбегінің текке кетпегендігінің дәлелі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

 

АЙТӘЛІ Өмірбат,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі.

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Аға лейтенант

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT