Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса қауіпті зиянды организмі – үйірлі шегірткелерге қарсы 2021 жылға болжанған өңдеу жұмыстарының орын- далысы жөнінде жиналыс өтті.
Оған қатысқан Атырау облыстық аумаққ инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің басшысы А.Қазиева аудан аумағында іске асқан шараларды қаперге берді.
– Өңірде жерүсті тәсілімен «Запказфумигация» ЖШС 1500 га және әуе арқылы «АвиаСила» ЖШС аса жеңіл авиация – дельтаплан арқылы 7200 га барлығы 8700 га жерге өңдеу жұмыстары жүргізілді. Химиялық өңдеу жұмыстары жерүсті тәсілі арқылы 26 мамырда және әуе арқылы 1 маусымнан басталды. Биылғы өңдеу шараларына «Зеленый барьер» және «Греен голд» биопрепараттары, «Локустин» пестициді бөлініп жүргізілді. Бұл пестицидтердің барлығы дерлік тек шегірткеге ғана тиімді әсер ететінін көрсетті. Мамандар қызмет көрсетуші мекемелердің жұмыстарын қадағалап, ошақ координаталарын анықтауда, - деді.
Жиналыс барысында бөлім мамандары хабарламашыға нақты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
А.ШАКУПОВА