Шеберліктің шыңына талпынғандар

(0 Votes)

2023 жылы 17-21 сәуір аралығында Атырау қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында жұмысшы кәсіптерін дәріптеу, олардың мәртебесін арттыру мақсатында облыстық «Worldskills Atyrau-2023» чемпионаты өтті.

Чемпионатта 39 құзыреттілік бойынша 24 колледждің студент жастары өз бақтарын сынады. Біздің Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінен 9 құзыреттілік бойынша 9 студент қатысты. Атап айтсақ: Губашев Дамил «Желілік жүйені басқару» (жетекшісі Құрашева Мөлдір Талғатқызы), Зияш Ернар «Графикалық дизайн» (жетекшісі Куаншалиева Замира Асылбекқызы), Аташев Арман «Веб-программалау» (жетекшісі Темиралиева Нургуль Мирамбековна), Қонысбаева Аружан «Наубайхана ісі» (жетекшісі Тлешова Аяулым Жанұзаққызы), Қылышбекқызы Назерке «Кондитерлік іс» (жетекшісі Ислямғалиева Алтынгүл Альбековна), Сабыржанов Аманат «Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» (жетекшісі Камиев Есенболат Насекенович), Тлеміс Ұлпан «Мейрамхана қызметі» (жетекшісі Нух Жанна Жеткеншековна), Саламатов Әділет «Автоматты бояу» (жетекшісі Кисметоллаев Келдібек Саламатұлы), Еркінбай Тұрар «Дәнекерлеу ісі» (жетекшісі Боранғалиев Серік Утепкалиұлы) құзіреттіліктері бойынша қатысып, жеке кәсiби мүмкiндiктерiн ғана емес, сонымен қатар кәсiби даярлық деңгейi мен қызмет көрсету сапасын көрсете білді.

Қонысбаева Аружан «Наубайхана ісі», Сабыржанов Аманат «Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету», Тлеміс Ұлпан «Мейрамхана қызметі», Саламатов Әділет «Автоматты бояу» құзыреттіліктері бойынша жүлделі ІІ орынды жеңіп алса, Губашев Дамил «Желілік жүйені басқару», Қылышбекқызы Назерке «Кондитерлік іс» құзыреттіліктері бойынша ІІІ орындарға ие болды.

Бұл студенттер әртүрлі деңгейдегі шараларға белсенділікпен қатысып, колледждің алдыңғы қатарлы жастарынан екендіктерін көрсетіп келеді. Міне, тағы да білім-білік бәсекесіне қатысып, үлкен жеңіспен колледжіміздің маман дайындаудағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты.

Шәкірттерімізге ұстаздар қауымы атынан білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деген үлкен сенім білдіре отырып, келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болып, өз мамандықтарың бойынша шеберліктің шыңына жетулеріңе тілектестігімізді білдіреміз.

Колледж ұжымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT