Шеберлік бабамыздан қалған мұра

(1 Vote)

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында ұлыстың ұлы күні – Наурызды жаңаша атап өту туралы ұсынысына сай аудандық білім бөлімінің ұйымдарнда, аудан мектептерінде биылғы мейрам ерекше тойлану үстінде.

Шаралар легі Көрісумен басталып, белгіленген күндеріне сай жалғасып келеді. Ұлттық спорт және қолөнершілерге арналған «Шымырлық пен шеберлік күнінде» «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты сәндік-қолданбалы, бейнелеу және қолөнер шығармашылығының аудандық көрме байқауы болып өтті.

olner7

Көрме байқауға  аудандағы 17 мектептің, екі мектептен тыс қосымша білім беру мекемесінің жас қолөнершілері туындыларын қойды. Жарамсыз материалдардан жасалған бұйымдар, табиғи материалдардан жасалған тұрмысқа арналған креативті бұйымдар және «Наурыз нақыштары» және еркін тақырыптағы кез-келген жанрдағы бейнелеу өнері сынды үш бағытқа топтастырылды.

olner4

Оқушылардың көрмеге дайындап әкелген туындылары облысқа, республикаға кеңінен танымал қолөнер шеберлерінің талқысынан өтті. Байқауға баға берушілердің қатарында Қазақстан Республикасы қоөнершілер Одағының мүшесі, ағашты және металлды көркемдеп өңдеу шебері, облыстық, республикалық конкурстардың жүлдегері Болат Шапабаев, суретші-қолөнерші, «Бейнелеу өнері» пәнінің жоғары санатты мұғалімі, көптеген облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің, байқаулардың лауреаты Талғат Қисметов, журналист, лигвист, этнодизайнер және белгілі саяхатшы Зинат Орынбасарова және ауданымыздың колөнер шебері, аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Жұмалиев болды.

olner

Шара шеберлік сағатына ұласып, Қайрат Болатұлы  зергерлік бұйым жасаудағы күмісті балқытып бір-біріне қосу техникасын үйретсе, Талғат Генадийұлы майлы бояумен  табиғатты бейнелеу техникасынан дәріс берді. Ал, Зинат Қабдешқызы саз балшықтан  құмыра жасау техникасымен бөлісті, Талғат Жұмалиев токарлық станокпен тостаған ою тәсілін көрсетті.

olner1

Көрме-байқауға қойылған өнер туындылары мамандардың жіті саралауынан өткен соң үздіктері анықталды. Оза шыққандарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Тілекші Медеуғалиева жариялап, арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапаттады. «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйымдар» бойынша Жанар Таниспаева (Қиғаш  о/м), табиғи материалдармен жұмыс - Фархат Ринат (Имашев атындағы о/м), тоқыма бұйымдар - Салик Арай (Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі), матадан жасалған бұйым - Анель Доспаева (Ақкөл о/м), қағаз бұйым - Рамиля Рафхат (Имашев атындағы о/м), ағаш бұйым - Биғазы Нажимов (аудандық оқушылар үйі), зергерлік бұйым - Аслан Ешмұрат (Ақкөл о/м), мүсіндеу - Жәңгір Мұғалім (Абай атындағы о/м), сурет өнері - Нұрсаят Шамыратова (Ш.Уалиханов атындағы о/м), еркін таққырыптағы сурет бойынша  Шакидуллаева Аружан (Панфилоа атындағы о/м) үздік деп танылды.

olner2

olner3

olner5

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT