Шатырлық лагер ұйымдастырылды

(0 Votes)

Облыстық «Атамекен» өлкетану- туристік жорығы аясында әскери патриоттық клубтардың шатырлық лагері өткізілді.

Ол Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының алғашқы әскери дайындық кабинетінің ұйымдастыруымен Топтерек елді-мекенінде болды. Алғашқы сөз аудандық білім беру секторының меңгерушісі Еділ Ғарипұлына берілді.

img_3969

i

- Облыстық және аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес жазғы уақытта оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отырған бұл шара жас толқындардың жанына патриоттық сезім ұялататыны сөзсіз. Аудандық білім бөлімінде осы бағытта жұмыстанып жүрген Жас туристер бекеті мен Жасөспірімдер спорт мектебі бар. Осында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде балалар өздерін спорттық және әскери патриоттық білімдерін жетілдіріп, көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.

img_3966

img_3967

Сондай-ақ Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталғының АӘД әдіскері Наурызбай Насихатұлы өз кезегінде шараның мақсаты Елбасының жолдауын жүзеге асыру, өскелең ұрпақтың бойына Отаншылдық сезімін ұялату, әскери істі дәйекті оқып үйрету екенін айта кетіп, өткізілетін жарыста қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Шатырлық лагердің бағдарламасына сай жарыс екі кезеңге бөлінді.

img_3991

img_4002

img_4012

Қорытындысында Сафон және Бірлік ауылдық округі І,ІІ және Исатай ауданының намысын қорғаған оқушылар ІІІ орынды еншіледі. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен медальдар табысталып, дипломдармен марапатталды.

Ақтілек Абайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT