«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында облыстық мәслихатқа кандидаттар, партияның облыстық сайлауалды штабының мүшелері Сабыржан Сұлтанов пен Замзагүл Карсакованың ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен ЗООМ бағдарламасы арқылы онлайн кездесуі өтті.
Облыстық мәслихатқа кандидат, «Құрманғазы» ӨК төрағасы Сабыржан Сұлтанов:
– Біздің мойнымызда Қазақстанның қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік жатыр. Халықтың тағдыры партияның белсенді мүшесі мен оның стратегиясын қолдайтын шынайы партиоттардың қолында. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өседі. Біз үшін жаңа бағыттар – IT саласы мен туризмге шын мәнінде басымдық беру керек. Осы екі сала бойынша 300 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі. 2025 жылға қарай шағын және орта бизнес 4 миллион қазақстандықты жұмыспен қамтып, ішкі жалпы өнімнің 35%-ын өндіреді. Ауыл мектептерінің дамуына ерекше қөңіл бөлінеді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдық жерлерге орналасқан 5 мыңнан астам мектеп жаңартылуы керек, Жол құрылысы қолға алынады. Әр ауылға дейінгі барлық жолдар, яғни 25 мың шақырым жол жөндеуден өткізіледі. Барлық қалалар мен ауылдар сумен қамтамасыз етіледі. 246 елді мекенге газ тартылады. Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде іске асырады. Бұл ретте Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету – негізгі міндеттің бірі. Біз реформаларды жүзеге асыру барысында «Nur Otan» партиясының зор әлеуетіне сүйенеміз. Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтілді. Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн.теңгеден астам қаражат бөлінеді, - деп алға қойылып отырған мақсаттармен таныстырып, онлайн кездесуге қатысушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс береді деген сенімін білдірді.
Облыстық мәслихатқа кандидат, «Самғау» ЖШС басшысы Замзагүл Карсакова:
– Осы ауданда туып-өстім. Мамандығым қаржыгер. Алғашқы еңбек жолымды 1991 жылы салық органында бастадым. Сол жылдан 2017 жылға дейін мемлекеттік қызметте жасадым. 2017 жылдан бастап «Самғау» жеке кәсіпкерлік нысанының басшысымын. Партияға 2004 жылдан мүшемін. Бұл партияның ел дамуы, халықтың тұрмыстық жағдайы жақсаруы жолында атқарып жатқан жұмыстары жетерлік. Үнемі өзгерістер жолын таңдап келеді. Қазір өзгеретін уақыт. Сол себепті мен де «Нар тәуекел», деп «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына тіркелдім. Біздің бағдарламамыз айқын, мақсатымыз анық. Өткелі отырған сайлау келешектің жолашары болмақ. Алда түрлі саяси-әлеуметтік реформалар күтіп тұр. Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламаны қамтып отыр. Онда праймериз кезінде айтылған ұсыныстар, пікірлер, аманаттар бәрі де ескерілді. Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту толық қамтылды. Елдің болашағы баршамыздың қолымызда болғандықтан алдағы сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, - деді.
Одан әрі онлайн кездесуге қатысушылар тарапынан туындаған грантқа, зейнеткерлердің кәсіпкерлікпен айналысуына қатысты сұрақтарға жауап қайтарды.
«Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық мәслихатқа депутаттықтан үміткерлер Есболат Құбашов, Ақеділ Зайнеденов, Гауһар Болатбаева кәсіпкерлермен онлайн кездесуге қатысты. Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат, «Құбашев» ШҚ басшысы Есболат Құбашев өзін қысқаша таныстырып өтіп:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында бүгінде «Nur Otan» партиясы бүгінде ел тағдыры үшін жауапты күшке айналғанын айтты. Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. Әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Алға қарай педагог мамандарға сұраныс артып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есе көбейеді. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі біліммен 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар 100%, 2-ден 6 жасқа дейінгілер 95% қамтылады. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімнің 5%-нан кем болмайды. Балаларға қосымша білім беру, бос уақытты тиімді пайдалану, шығармашылық қабілетті дамыту мәселелері шешімін табады. Барлық мектепте спортпен және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалады. Шикізаттық емес экспорт көлемін 40 млрд. долларға дейін ұлғайтуға көңіл бөлінеді, - деп бағдарламаның басқа да бағыттарынан хабар етіп, қатысушылар «Nur Otan» партиясына дауыс береді деп үміт артты.
Қанат ҒҰМАРОВ
«Nur Otan» партиясының
Атырау облыстық сайлау қоры қаражатының есебінен төленді