Жеке кəсіпкер, "Е.Құбашев" шаруа қожалығының жетекшісі, "Nur Otan" партиясы Құрманғазы аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшесі, аудандық фермерлер одағының төрағасы Есболат Захарұлы Құбашев елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезінде партияның #BIZBIRGEMIZ_NUROTAN! акциясына орай аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға көмек қолын созып, өз шаруашылығынан семіз ірі қара малының жас етін таратып берді.
Елдің елдігі мен бірлігі қашанда осындай азаматтардың туған жеріне, ауылдастары мен жерлестеріне деген құрметі мен қамқорлығынан тұратыны атам қазақтың ата дəстүрі.
Аудандық əкімдікке ауылдық округтерден ұсынылған тізімдері бойынша 30 отбасыға үлестірілді. Бұны қабыл алған отбасылар өздерінің ақ ниеттерін жаудырып, алғыстарын білдірді.