Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №243 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған Операциялық жоспардың 99-тармағын орындау үшін, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың қайта құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, 2021 жылғы маусымның 21-сі мен 27-і аралығында ауданымызда «Шартты түрде» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Құрманғазы аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған жаза өтеуден жалтарған және іздеудегі адамдарды анықтау, сондай-ақ, есепте тұрған адамдардың қайта қылмыстарын алдын алу мақсатында сотталғандарды тұрғылықты мекен – жайы және жұмыс орындарынан аудандық ПБ-і ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексеріп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп бақылау жасалынуда.
Аудандық Пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандардың барлығы 86 – адам. Оның ішінде шартты сотталғандар 11 - адам, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар 55 – адам, жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыруға сотталғандар 0 - адам, қоғамдық жұмысқа сотталғандар 1 – адам, белгілі бір лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылғандар 19/12 – адам. Пробация қызметі өз тарапынан осындай жазаға кесілгендерді тәрбиелік дұрыс жолға салып, қайта қылмыс жасаудың алдын алу және болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда.
А.Е.Мурзабеков, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің
Құрманғазы аудандық Пробация қызметінің бөлім бастығы
әділет майоры