Полиция бөлімшесінде және пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша республика аумағында «Шартты түрде» республикалық жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Аудандық пробация қызметінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың барлығы – 98 адам. Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасына тартылғандар – 34, шартты сотталғандар – 35, қоғамдық жұмысқа тартылғандар – 1, белгілі бір қызмет атқару құқығынан айрылғандар – 28. Пробация қызметі өз тарапынан қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілгендерді тәрбиелік жолға салып, қайта қылмыс жасауды болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда.
Е.Сұлтанов, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті аудандық Пробация қызметі, әділет лейтенанты