Шора өзені аудан орталығын қаққа бөліп, екі жағалығына сұлулық сыйлап, өзінің осынау бірегей міндетін ұзақ жылдардан орындап жарқырап ағып жатыр.
Соңғы жылдары автокөлік жолымен жиектес жағалық Тәуеліздік сипатындай нұрлы шамадармен толықты. Мүлгіген түндерде жарығы сәуле шашып беймәлім сырға жетелейді. Сол шамдарға көз майыңды сарқа, үздіге қарайсың. Көңіліңе желік бітіп, арман қанатымен самғайсың. Сол шамдарды “қисық өскен талдарымыз” қайтасын –қайта бірін қалдырмай сындырып жүр. Бір емес бірнеше рет.
Бұл жайлы талай дабылдатып көргенбіз, ешқандай нәтиже бермеді. Жақында әп-әдемі ақшыл шамдар, қайыра тұғырларын тапты. Бұл жолы аярлық сезімдері оянар, қолдарының қышуы біршама қанды ғой, деп те ойлағанбыз. Жоқ, ол үміт те ақталмады. Күл-паршасын шығарып тағы да сындыра бастады. Жарығы ерте өшкен есіл шамдар-ай!
Ұрпақпа ол, адам тектес тағылар,
Арманшыл жас шам жарығын сағынар.
Алтынсарин баба сөзі ақиқат:
“Оқысаңдар шамнан шырақ жағылар”.
Шыққан елміз қараңғыдан жарыққа,
Білім,еңбек шыдас берді нарыққа.
Адал жолды таңдап өмір сүргеннің,
Көкірегі жарқыраған жарық шам.
Жаны қалап тұрған сәтте сыңғырды,
Бойда күші үзетіндей шынжырды.
Шора бойлай түнде нұрлы шамдарды,
Қарғыс атқан қайта-қайта сындырды.
Ата-анасы мұны ауырға санамас,
Тәрбиеден әбден кеткен сана жас.
Өз немерем болып жатса қайтейін,
Көңіл шіркін ондай ұлды қаламас.
Үміт еттік, “ұстар ма еді бірін” деп,
Нағыз қаскөй, дейтін емес жүгірмек.
Көрдей түнде сәуле шашқанжарық шам,
Абайша айтсақ “Сәулесі суда дірілдеп”.
Кей өскінде елдік ұғым әлі тар,
Қай құдірет, қалай оны дарытар.
Қараңғыда үймелейтін жарыққа,
Шіркей құрлы болмағаны, налытар.
Осы ма екен, шектен асқан бақ, күтім,
Адамдарға жарық қимас лас түтін.
Жарығыңды өшіруге құмарлар,
Анасының емді ме екен, ақ сүтін?!
Жүрегімнен шыққан жалын, есіл жыр,
Қарауларға кім-кімнен де кесім-бір...
Кей үлкендер сынған шамды көрген соң,
Дегенді айтты:“Тілектерің кесілгір”!
Тіршіліктің ақ пен қара, мың қыры,
Пенделер жүр жақсы-жаман тындырып
. Бәрінен де шамың өшсе, сол қайғы,
Қорқынышты, естілгендей сыңғыры.
Таңатар Дәрелұлы