Сүйіндік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтыгерей Сейітханов шалғайдағы Азғыр өңірінде атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асатын игі істерді санамалап, тұрғындар атынан облыс әкіміне зор ризашылығын білдірді.
Шекарадан азық-түлік тағамын өткізудің қиындығы, тартылған газ құбырларын теңгерімге алу, аурухананың жоқтығы жөнінде мәселелерді ортаға салды.
Облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы аталған түйткілдердің алдағы уақытта шешімдері табылатынына сенім білдіріп, келесі сапарында қыр өңіріне арнайы көлікпен барып, оның жағдайымен егжей-тегжейлі танысатынын хабардар етті.
А.Шакупова