«AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне және аталған партияның 25 жылдығына орай шахматтан жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті.
Оған ауданымыздың мектептерінен 12 ер, 6 қыз бала қатысты. Турнир қорытындысымен ер балалар арасында І орынды Айдын Бекетов иеленді. Мансур Имажа, Саян Сахманов ІІ және ІІІ орындардан көрінді. Қыздардан Дильназ Елемесова І орын алса, Жаннұр Бисенбай мен Гүлдана Мырзағалиева ІІ және ІІІ орындарды еншіледі. Шахмат турниріне жаттықтырушы Есей Хұсайынов төрешілік етті.
Жеңімпаздарға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының хатшысы Ерлан Хисметуллин мен Есей Хұсайынов медалдар мен естелік сыйлықтар табыстады. 4 қатысушыға белсенділігі үшін дипломдар ұсынылды.
Қанат ҒҰМАРОВ