«Ақжонас» ЖШС-нің трактор бригадасының бригадирі Асылбек Ерғалиев осы шаруашылықта ұзақ жылдардан бері абыройлы еңбек етіп келеді. Жұмысына жауапкершілікпен қарап, серіктестіктің мақтанышына айналып жүрген азамат биыл зейнеткерлік жасына жетіп отыр. Осыған орай «Ақжонас» ЖШС төрағасы Мұқар Шаяхметов қысқы мал азығын дайындау қарқынды жүріп жатқан Мальцев шабындығына арнайы барып, мерейгерді құттықтады. Серіктестік төрағасы Мұқар Хабиболлаұлы бригадир Асылбек Шайхыұлының қарапайым еңбек адамы екенін, ауылдық мәдениет үйіне шақырып құрмет көрсеткісі келгенімен науқан кезінде олай етуге қарсы болғанын жеткізді. Содан соң, кейінге қалдырғылары келмей еңбек адамын жұмыс басына барып құттықтауды жөн санаған. Жолсапар барысында байқағанымыз шабындықтағы шөптің ыссылықтан сұрқы қаша бастапты. Биыл су көп келгенімен бұл жерге шықпаған. Жылда өр суының астында жататын алқапқа жаз бойы жаңбыр жаумағаны да өз әсерін тигізген. Кей жерлері ғана жасыл түсін толық сақтаған. Бірақ, шөп сирек. «Ақжонас» ЖШС төрағасы Мұқар Хабиболлаұлы бұрын осы шабындықтан 1200 тонна пішен дайындалса, қазір 700 тонна ғана болып отырғанын айтты. Қыр бойында да шөп сирек көрінеді.
Күн қызуы жер апшысын қуырып тұрғанымен трактор бригадасы түске дейін тоқтамай жұмыс жасады. Бригада құрамындағы механизаторлар – озат тракторшы Жолдасқали Мусағалиев, пішен байлаушы Ғарифолла Ержанов, шөп шабушы Абат Ахметов, тәжірибелі механизатор, үюші трактордың жүргізушісі, осы жердің ой-шұңқырын бес саусағындай білетін Батыр Мусаев салдырлаған ескі тракторларымен бірінен соң бірі келіп жатты. Шаруашылық басшысының айтуынша бұл техникалардың алды – 1970, соңы – 2005 жылы шыққандар. 2005 жылы тракторды 2 млн.900 мыңға алса, қазір 13 млн. теңге болып кетіпті. Сондықтан, материалдық-техникалық базаны жаңалауға әзірге мүмкіндік жоқ. Кілең ескі техникаларды жамап-жасқап пайдаға асыруда. Жігіттер ыссы күнде темір тұлпардың ішінде жүрсе де көңілді. Өздерін жадырай қарсылаған серіктестік төрағасы Мұқар Шаяхметов, бас есепші Ғайнатолла Исқақов, мал дәрігері Мұрат Құспанов, Еңбекші ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімінің меңгерушісі Нұрғизат Оразовпен жылы амандасып, әзілмен қағытты.

«Ақжонас» ЖШС төрағасы Мұқар Хабиболлаұлы мерейгерді құттықтап: – Асылбек жоғары білімді физика-математика мұғалімі. Бірақ, әскерден келгеннен кейін кеңшар жұмысына араласты. 1984 жылдан бері Партияның XXV съезі атындағы кеңшарда механизатор, жүргізуші болды, механизация цехын, трактор бригадасын басқарды. Бізде 1998 жылдан бері бригадир қызметінде. Өзінің адал еңбегімен арамызда үлкен беделге ие болып жүрген азамат. Жұмысына, адалдығына тәнтіміз. Берілген тапсырманы тындырымды істейді. Бұл жасқа жеткен де, жетпеген де бар. Жұбайың Уақиза екеуің ұрпақ қызығын көріп келесіңдер. Ұрпақтарыңның да халықтың арасында үлкен беделі бар. Өнербек – Атырау қаласында арнаулы мектептің директоры, Дарынбек АМӨЗ-да жұмыста болса, Нұржан жеке кәсіпкер. Сегіз немеренің қызығын ұзағынан көре беріңдер, – деп мерейгерге шапан мен жұбайына камзол жауып, Құттықтау хаты мен естелік сыйлығын табыс етті. Осындай ізгі тілек Еңбекші ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімінің меңгерушісі Нұрғизат Оразовтың да тарапынан айтылды. Тілектер қос басында аспаз Света Лутова дайындаған дастархан басында жалғасын тапты. Мерейгер Асылбек Ерғалиев өзіне көрсетілген құрметке шынайы ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ