Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміровтің төрағалығымен балық шаруашылығының мәселелері бойынша жиын өткізілді.
Онда аудан көлеміндегі су айдындарында жаппай балық қырылу фактілерінің алдын алу шаралары туралы сөз болып, Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Құрманғазы балық инспекциясының басшысы Н.Каратекеев хабарлама жасады.
- Қазіргі уақытта инспекциясы қызметкерлерінен 4 топ құрылып, су ай-дындарын қарау, бақылау жұмыстарын атқарып келеді. Нәтижесінде «Атырау-Астрахан» халықаралық тас жолының Шарон өзенінің үстімен өтетін үлкен көпір құрылысын салу кезінде өзенді 30 метрге дейін қызыл саз төгіп бөгеу бары-сында балықтың уылдырық шашуына қолайсыздықтар келтірілгені анықталды. Сондай-ақ, тас жол бойындағы өткелдер мен құбырларда балықтардың кептелісі орын алып, экологиялық аса қауіпті жағдай туындады. Өзен мен сайларға салынған көпірлердің асты топырақпен бітелген, құрылысы аяқталған соң оны қайтадан ашып кету сияқты жұмыстарға мән берілмейді. Уақытша төгілген топырақ, саз сол күйінде қалуда. Атап айтсақ, үлкен Күйген өзені бойында са-лынып жатырған көпір асты бітелген, су жоқ. Кіші Күйгендегі көпір асты ашық болғанымен айналма жолдағы құбырдан су өтімділігі мардымсыз. Осындай жағдай Жайық, Шағырлы, Шарон өзені бойына салынып жатқан көпірде кездеседі. Құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген Қадір, Көнеу, Жәңгір көпірлерінің кезінде астына төгілген топырақтар алынбаған күйі жатыр. Аталған кемшіліктерді жою, өзектің арнасын бұрынғы қалпына келтіру құрылысқа жауапты «СП Сине Мидас Строй» ЖШС-нен және «ҚазақАвтожол» мекемесінен сұралады. Ауданда балықтың тұншығуына алып келетін 125 су айдыны бар, олар үнемі бақыланып отырылуы тиіс. Өр суының қайтуы кезінде шөп басқан жыраларда, бөлініп қалған өзектер мен көлшіктерде шабақтардың өміріне қауіп туындайды. Осы орайда шабақ құтқару жұмыстарын ұйымдастыру міндеті тұр. Округ әкімшілігі, табиғат пайдаланушылар балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесе отырып, балықтың жаппай қырылуына жол бермеу шараларын орындауы тиіс, - деген хабарлама-шы алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
«СП Сине Мидас Строй» ЖШС жоба жетекшісі Бердібек Өмірбаев жол құрылысы барысында жіберілген кемшіліктерді жоюға жұмыстанатын жеткізді. Аудан әкімінің орынбаса-ры Ж.Бектеміров барлық ауылдық округ әкімдеріне ауылдық округтер аумағына қарасты балық тұншығуына қауіпті болып саналатын су айдында-рын Құрманғазы балық инспекциясы қызметкерлерінің және табиғат пайда-ланушы шаруашылдық субъектілерінің қатысуымен қатаң бақылауға алып, балықтардың жаппай қырылуына жол бермеу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойын-ша аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Сауменов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолау-шылар көлігі және автомобиль жол-дары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Сиражев, Кудряшов ауылдық округінің әкімі С.Ертілеуов, Амангелді атындағы ЖШС атқарушы директоры А.Зайнеденовтер сөз алып, өз ойларын ортаға салды.
А.НӘЖІМОВ