Шағын және орта бизнесті дамытуға мол мүмкіндік

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы тұңғыш Жолдауы ел өміріндегі маңызды оқиға болды.

Онда тұрғындардың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелердің түйіні тарқатылды. Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту түйткілдері қамтылды.

Үкімет бұған дейін де шағын және орта кәсіпті дамытуға айрықша көңіл бөліп келді. Соның бір дәлелі, кәсіпкерлерді тексеруге мониторинг жасауы болатын. «Кәсіпкер – айлық беруші, жұмыс беруші, салыққа түсім түсіруші» деген Қ.Тоқаев осы жеңілдікті тағы да 3 жылға дейін созуды тапсырды. Тек бұл ғана емес бас құжатта шағын және орта бизнес өкілдерінің салығын төмендету немесе босату жайы да айтылды. Бір сөзбен айтқанда, Президент «шағын және орта бизнеске кедергі келтіру – Үкіметке қарсы шықанмен бірдей» деп енді ғана аяққа тұрып келе жатқан кәсіпкерлерді қолдайтынын жеткізді. Бұдан бөлек, өнім өндірушілердің тауарын экспорттауға жағдай жасау, келер жылдан бастап кәсіпкерлердің, жұмыс берушілердің зейнетақы қорына 5 пайыз қаржы аударып тұруын 2023 жылға қалдыру мәселесі де Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмайтыны анық.

Заңды тұлғаларды тіркеу әрқашанда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың бірі саналады. Бірқатар заңнамалық актілерді қабылдау арқасында өз бизнесіңді ашу рәсімі оңайлатылды, шағын бизнес үшін жеңілдіктер белгіленді.

Ә.Дарғожина,

аудандық «Әділет» басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT