Шағын той жасап жатқан «Көңіл сазы» тойханасына ескерту берілді

(0 Votes)

Бүгінде ауданда эпидахуал қатаң бақылауда, арнайы комиссия жұмыс жасауда.

Жұқпалы дерттен сақтану шараларын қатаң орындау керек дегенімен әлі де жағасы жайлауда жүргендер жетерлік. Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ рейд кезінде «Көңіл сазы» тойханасында болып, шағын тойдың үстіне дөп келді. Өкінішке қарай, түсіндіру жұмыстары күн құрғатпай жүргізіліп жатса да, карантин талаптарын ерен санағысы келмейтін кәсіпкерлер аз емес. Ал қауіпті індет жұқтырғандардың күн санап артуына бірден-бір себеп те осындай кісі аяғы көп жүретін нысандардағы олқылықтар дейді мамандар.

toj

Тосыннан кіріп келген тексеруші топты күтпеген тойхана қызметкерлері алғашқыда абдырап қалды. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Н.Төлепов, топ хатшысы Әсет Тоқтаров, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының заңгері Азамат Жандыбаев қаулыға сәйкес аудан ішіндегі дәмханаларда, тойханалардатамақтануға 30 кісіге дейін қабылдауға рұқсат берілгенімен, онда отбасылық мерекелерді өткізуге тыйым салынғанын ескертті. Тойхана иесі мұндай талаптың бар екенін білмегенін айтып ақталды. Топ мүшелеріне қазір оларды тез арада тарататынын жеткізді. Полиция қызметкерлері де жарты сағаттан кейін тексеріс жүргізетіндерін айтты. Лауазым иелері келесіде мұндай жағдай қайталанса хаттама толтыратындарын ескертіп, есіктеріне құлып салынатынын алға тартты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT