Рахымжанмен бір шаңырақ астында тұрған ғұмырда, ал ол ғұмыр аз да емес көп те емес тура 27 жыл , қазақ әдебиетінің талай тұлғасы туралы біраз нәрсе естідім.
Үлгіаларлығы да, сабақболарлығы да, жиіркенетіні де бар қылық, әдеттерін, қызықтарын, шыжықтарынкөпайтатын. Әсіресе, жаңадан қосылған жылдары...
Бір тал шаш деген сөз тіркесіне байланысты әңгіме болып кетіп, Жұмекен Нәжімеденов аға кезекті кітабын шығарар кездегі оқиғаны айтқан. Баспа редакторы ондай сөз жоқ деп Ағаның өлеңінен " бір тал шашын" алып тастапты. Аға әрі айтқан, бері айтқан болмаған соң ашуланып , басынан бір тал шашын жұлып алып әлгі сөз білмейтін редактордың алдына қойып, "міне, бір тал шаш" деп шығып кетіпті. Кеше Рахымжанның архивін реттеп отырсам 1996 жылғы «Серпер» газеті қолыма тиді. Ішін ашып жіберсем Рахымжанымның үш тал шашы жатыр бүктеліп...
Зоя Исқалиева, Тәкең – Таңатар Дәрелов жіберіпті. Жалпы, туған ауданының басылымы Рахымжан өмірінің барлық сәтінде бірге болды. Бұл саны түгелдей Рахымжанға арналып, оның Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі болғандығына орай жерлестер құттықтауға, тілекке көміп тастапты. Рахымжан риза болып, қуанып, шашын салалап, саусақтарымен тарап отырып қайта-қайта оқыған да, газетті бүктеп қоя салған ғой деймін. Сол сурет көз алдыма келді. Ол бақытты газет Бішкек-Ақтау-Атырау жолымен қанша үйге көштік,бүгінге дейін жетіп, Жансая екеуміздің алдымыздан шығып тұр...
Сәуле Отарбаева,
жазушының жан жары. (Әлеуметтік желідегі парақшасынан)
Қазақтың аса талантты жазушы-драматургі ретінде әлемдік деңгейде мойындалған марқұм жерлесіміз Рахымжан Отарбаевтың ұстаз бола алмай, ұстамды сөз сапыруға «Серперге» келгені, газеттің радио бөлімін басқарғаны көнеккөздердің жадында жаңғырар, мүмкін. Бізде де аз аялдап, әдеби тынысы тарылып, Алматы асқан, Алатау басқан... Бәрі күні кешегідегідей.
Рақымжанның әр жетістігіне әйеліміз ұл тапқандай қуанып, құлаш-құлаш мақалалар жазып, елдестерге асыға жеткізуші ек. Елге келгенде артында сүйіншілеп жүрген біз барлығына ол мәз-майрам қуанатын. Қайран, сол бір күндер...
Рақымжанның руханият қорының жетекшісі, журналист, жұбайы Сәуле Отарбаева соның бір сәтін еске түсіріп, үш тал шашын тауып алғанын айтып жүрегімді иітті. Арты – сарқылмай, аман болғай! Мөмкін, үш тал шашының бір талын бала күннен досына қияр...
Таңатар Дәрелұлы