Үш мектептің атауы өзгертілді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 «Атырау облысының кейбір білім беру және мәдениет обьектілеріне атау беру және қайта атау туралы» қаулысы шыққан еді.

Осыған орай аудан әкімдігінің 2020 жылғы 29 маусымдағы №155 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектебі» КММ атауын өзгерту туралы қаулысы жарық көріп, мектеп атауы «Ғабит Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп» КММ болып өзгертілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №162 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі» КММ атауын өзгерту туралы қаулысына сай, мектеп атауы «Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектеп» КММ болып ауысты.

Оған қоса, аудан әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы №149 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі» КММ атауын өзгерту туралы қаулысы негізінде, енді мектеп «Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектеп» КММ деп аталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521