Үш кәсіпкерде баға үш түрлі

(0 Votes)

Асан ауылдық округі әкімі Гүлім Қабдражитовамен әңгімесінде аудан басшысы Қайрат Талапұлы: – Ауылдағы баспаналарды көгілдір отынға қосу бәскелестік ортаға берілген. Бірақ, қазір уақыт тығыз. Қай мекеме, қай үйге газ тартты? Олардың қайсысы тұрғындардың ақшасын жинап алып, бермей жүр? Осының бәрін түгел анықтап, Асан, Үштаған бойынша тізімін жасап маған жіберіңіз. Бұған дейін біз олар осы жұмысты дұрыс ұйымдастырады деген сенімде болдық. Мамырда келісімшартқа отырса, бұған дейін неге тартпаған? Енді жылу беру маусымының басталуына ай жарым уақыт қалды. Күні бүгін 88 үйдің 33-і ғана қосылып, 55-іне әлі тартылмаған. Газге қосылу осындай дәрежеде болса, миллиардтаған ақша жұмсап тартылған құбырда конденсат қатып, өзін ақтамайды, - деді.

Асан ауылдық округінің әкімі Г.Қабдражитова газге қосуға жауапты кейбір жеке кәсіпкерлер бір қағазға қол қойдыруым керек деп жұмысты созып жүргенін, тіпті кейбір үйлерге эскиздік жоба жасалмағанын алға тартты.

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Әліпов оны ішке кіргізудің өзі 160 мың теңгеге шығатынын жеткізіп, жағдайы төмен отбасыларына көгілдір отын тартуда жеңілдік жасалса деген ұсынысын ортаға салды. Жалпы кейбір кәсіпкерлер жарты бағасын биыл, қалғанын келесі жылы төлеуге келісім берген. Осы жерде қысқаша мәлімет бере кетсек, көгілдір отынды жеке үйлерге қосып берумен айналысып жүрген жеке кәсіпкерлік нысандарынан оған «Газқұрылыс» -160, «Ысық»-150, «Бүркіт»-140 мың теңге сұрап отыр. Бәрінің лицензиясы бар. Бұлардың алғашқысы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ аудандық бөлімшесімен тікелей келісімшартқа отырған.

img_2793

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы округтегі дүкендерде болып азық-түлік бағаларын көзбен көрді. Дүкеншілерге кейбір көкөністердің бағасын ауданнан 20-35%-ға түсіртіп беруге әзір екенін білдірді.

img_2807

Салынып жатқан Асан су тазарту имараты басында болғанымызда құрылыспен айналысып жатқан мердігер мекеме «СК-АВС» өкілі Бақытжан Иманғалиевтен округтен 15 адам жұмысқа тартылғанын естідік. Имараттың сыйымдылығы 150 текше метр. Мұнда су жинайтын үш резервуар болады. Әрқайсысының сыйымдылығы 50 тоннадан. Үштағанға су айдау үшін Германияда жасалған қуаты жоғары екі насос қойылады. Мердігердің айтуынша онда да сыйымдылығы 50 тонналық үш резеруар орнатылады.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521