«Үш буынды модель концепциясы»

(1 Vote)

2021 жылғы 24 тамызда Құрманғазы ауданы прокуратурасының бастамасы бойынша «Үш буынды модель концепциясы: полиция, прокуратура, сот» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесуге прокуратура, полиция және сот қатысып, жаңа модельге сәйкес үш буынның аражігін ажырату мәселесін талқыланды.

Жиынды ашқан аудан прокуроры М.Рахимов, аталған концепцияның қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын уақтылы қорғауда рөлі ерекше екеніне тоқталды.

«Прокурор жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, азаматтардың құқықтарының бұзылуына тосқауыл қояды, азаматтардың қылмыстық процестің орбитасына заңсыз тартылуына жол бермейді, сотта мемлекеттік айыпты қолдайды.

Ал сот органның әрекеттеріне түскен шағымдарды қарайды және түпкілікті шешім қабылдайды. Қылмыстық процестің үш буынды моделі азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз етеді» - деді аудан прокуроры.

Кездесуде сөз алған аудандық Полиция бөлімінің бастығы Т.Жұмашев, жаңа концепция аясында жұмысты сапалы ұйымдастыру үшін прокуратура және сот қызметкерлерінің қатысуында семинар-тренингтер ұйымдастырылғанын айта кетті.

Бүгінгі күні жаңа Заң аясында прокуратураның функционалдық міндеттері күшейтіліп, қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімімен және бекітуімен қабылдануда.

Жаңа модельге сәйкес аудан прокуратурасымен қылмыстық істер бойынша күдікті деп танудың 60, күдіктінің іс-әрекетін саралаудың 60, істі қайта саралаудың 32, мерзімін үзудің 51, өндірістен тоқтатудың 49 процестік шешімдері зерделенген.

Ағымдағы жылы уәкілетті прокурордың келіскен/бекіткен шешімдері нәтижесінде сотпен ақтау үкімдері немесе тергеу сотының шешімдерінің бұзылуына жол берілмеген.

Кездесу соңында дөңгелек үстелге қатысушылар азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында пікір алмасып, бірқатар нақты ұсыныстар енгізілді.

 

      Құрманғазы ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT