Сервистік полиция қызметі

(0 Votes)

Полиция қызметін сервистік модельге көшіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жағдайларын құру бағытында жергілікті полиция бөлімшесіне, соның ішінде учаскелік полиция инспекторларына ауқымды міндет жүктеліп отыр.

Полицияның сервистік моделі дегеніміз бұл құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция мен қоғаммен бірлескен қызметі болып табылады. Бұл ретте, қоғам мүшелері қауіпсіздікке қатысты мәселелерді анықтау процесіне белсенді қатысатын болады. Азаматтар құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күресте өз көмектерін тигізе алады.

Осындай жұмыстарды ілгерілету бағытында аудан  әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы Б.Қазиханов және учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Е.Миянов аудан әкімінің «Құрманғазы ауданында полицияның сервистік моделін енгізуді іске асыру бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» өкімі негізінде аудан орталығындағы Абай, Ломоносов, Әуезов, Бегалиев атындағы орта мектептері және З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының ұжымымен кездесіп, түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

Оның барысында жасөспірімдер арасында туындайтын құқық бұзушылық мәселелері қозғалып, қазіргі таңда көпшілікті аландатып отырған көшедегі қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстары тыңдалды. Полиция жұмысына тың серпін берген сервистік қызметтің қоғаммен ашық тіл табысу, азаматтардың сеніміне ие болу, ақарылған жұмыстарды ашық көрсету және көпшілікпен бірлесе қылмыстың алдын алу жұмыстары түсіндірілді. Алдағы уақытта жасақталған жоспарға сай топ мүшелерінің қатысуымен еңбек ұжымдармен, тұрғындармен, жастармен кездесулер өткізілетіні айтылды.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT