«Серперліктер!»

(3 Votes)

Қашанда алға оздырып ел тілегін,

Ақпарат айдынында еркін едің.

Қырандай жанарыңды көктен қадап,

Жақсылық, жаңалыққа сен түледің.

 

Кемшілік – тумысыңнан төзбегенің,

Ауданның абыройы көздегенің.

Қолында «жазғыштардың» алмас кездік,

Турайды дәл сілтесе сөз дегенің.

 

Бұл үрдіс ағалардан солай қалған,

Сөз дерті құйын болып борайды алдан.

Кей пенде сыртың жылтыр, ішің қуыс,

Қиын сын, әділдігің оңай ма Аллам!

 

Басыңа емес алғаш жауған нөсер,

Еңсеңді заңғар-заңғар таулар көтер.

Жүлде алды шәкіртіңнің шәкірттері,

Жебей түс аруағыңмен Тауман көкем!

 

Туған жер! Жеткенімсің ерте елдікке,

Ар-айнам, төзбей жетіл сен кемдікке.

Бейнетті тірлігіңнің өтеуі бұл,

Кезекті жеңісіңмен, «Серперліктер!»

 

Таңатар Дәрелұлы,

«Серпердің» байырғы бас редакторы,

Қазақ журналистикасының қайраткері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521