«Серперге» жазылуда белсенділік танытқандар ұлығыланды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің аппарат мәжілісі алдында аудан әкімі Қайрат Нұртаев аймақ басшысының өңірімізге сапары сәтті өткені, өзінің тұрғындар алдындағы есебі оң бағаланғаны үшін мәслихат хатшысы Болат Теміржанұлынан бастап, әріптестеріне, бөлім басшыларына зор ризашылығын білдірді.

2020 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылуды лайықты ұйымдастыра білген округ әкімдері мен мамандарын, пошта қызметкерлерін марапаттау үшін сөзді газетіміздің бұған дейінгі редакторы Таңатар Дәрелұлына ұсынды.

– Өңір газеттерінің ең алдында келетін тарихы терең, жергілікті аудан тынысы «Серпер» газетінің таралымы өзім қызмет еткен соңғы алты ай мерзімінде де жоғары деңгейге шықты. Бұған дейін он жылдан астам уақыт бойы осы көрсеткіштен жаңылған емес. Бұл үлкен еңбектің, ұйымдастырушылық қабілеттің нәтижесі. Осы тұрғыда төл басылымға жазылуда белсенділік танытқандарыңыз үшін бек рахметімді білдіремін. Өздеріңізге мәлім, халықтың айнасы – бұқаралық ақпарат құралдары күнделікті қоғам тынысын танытуда зор рөл атқарады. Яғни, баспасөзге жазылу – адамның рухани санасының биік деңгейде екендігін көрсетеді.Міне, бүгінде тас түйін бірліктің арқасында «Серперге» қаралған межені артығымен орындап, облыстағы аудандардың көшін бастап тұрмыз, - дей келе, Таңатар Дәрелұлы мерзімді баспасөзді ұйымдастыруда қолдау білдіргені үшін аудан әкімі Қайрат Талапұлына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиевтің алғыс хатын табыстады.

 

 

 

img_8583

img_8590

img_8588img_8586

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова, ауылдық округ әкімдері және белсенді жұмыс жасаған жауапты мамандар, пошта қызметкерлері «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Қайрат Абуовтың алғыс хатымен ұлығыланды.

i

img_8597

img_8601

img_8595

Аудандық пошта байланыс торабының басшысы Виктор Түсекеев аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева және аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиеваны алғыс хатпен марапаттады.

img_8603

img_8604

img_8605

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT