«Серперге» жазылу жүріп жатыр!

(0 Votes)

Міне, тағы да мерзімді баспасөзге жазылу науқаны есік қақты. 2021 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды.

Алдымен, өткен жарты жылдықта тәжвирусы індеті елге лаң салғанына қарамастан сүйікті басылымдарына қолдау көрсеткен барша оқырмандарымызға ризашылығымызды білдіреміз. Кейбір округтердің әкімдері кездескен қиындықтарды еңсеріп, жұмысты жақсы ұйымдастырып, болжамды асыра орындап ерекше ілтипатымызға бөленсе, енді бірі төтенше жағдай, одан кейін карантин жариялануына байланысты межеден шыға алмады. Оған да түсіністікпен қараймыз. Соның өзінде оқырмандарымыздың қолдауымен, аудан айнасымен бірлесіп жұмыс жасайтын атқарушы биліктің науқаннан тыс қалмауының, жомарт жанды жеке кәсіпкерлердің демеушілік жасауының нәтижесінде таралымымыз 6000 данадан асты. Осылайша облыстағы жеті аудандық газеттің ішінде «Атырау» газетінен ғана кейін тұрмыз. Ауданымыз мерзімді баспасөзге жазылуда бірінші орыннан көрінді. Бұл бәріміз үшін зор абырой.

Жаңа науқанда да округтеріміз бұл жұмысты бастап кеткені қуантса, кейбірінде қарқыны бәсеңдеу екені көңіл қынжылтады. Мерзімді баспасөзге жазылудың бағасы 10 қазан күні шықты. Содан бері екі аптаның үстінде уақыт өтіпті. Дәл бүгін 768 дана ғана болдық. Уақыт күтпейді, зулап өтіп жатыр. Қарқынымызды күшейтпесек баспасөзге жазылудың аяқталуына екі айдай уақыт қалды. Алпыс мыңға жуық халқы бар аудан алты мың дана «Серперге» жазыла алмасақ, елдігімізге сын. Бұл кешегі күні сүйікті басылымын өмірден өткенше қолынан тастамай оқыған бабаларымыздың рухынан ұят. Әрі баспасөзге жазылу сияқты қарапайым науқанды дұрыс ұйымдастырмау оған жауапты адамдардың да шеберлігінің кемшін түсіп жатқанын көпшілікке паш етеді.

«Қазпошта» АҚ аудандық филиалының берген 24 қазандағы мәліметі бойынша Байда-95, Құрманғазы-57, Мақаш-65, Сафон-55, Асан-54, Көптоғай-53, Ақкөл-51, Нұржау-50, Сүйіндік-49, Еңбекші-40, Азғыр-35, Кудряшов-28, Шортанбай-20, Бірлік-17, Орлы -12, Дыңғызыл-11, Жаңаталап-3 дана «Серперге» жазылып отыр.

Туған жерінің заманауи тынысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар болғысы келетін алыста жүрген жерлестеріміз де «Серперге» жазылуға өз үлесімізді қосамыз деп жатса қарсылығымыз жоқ. Сіздердің аты-жөндеріңізді басылым бетінде жариялап, жіберген қаражаттарыңызға округтердегі аз қамтылған тұрғындарды жаздырып, түбіртегінің көшірмесін жібереміз.

Алты айға жазылу бағасы жеке тұрғындарға -1542, заңды тұлғаларға -2347 теңге. Индекс 15575.

Туған ай тураған етпен бірдей, тез таусылады. Келер жылы да «Серперіңіз» рухани азыққа, жаңалықтарға құшағын толтырып босағаңыздан аттасын десеңіз оған жазылуға асығыңыз оқырман!

Құрметпен Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521