«Серперге» жазылу одан әрі жалғасуда

(0 Votes)

Алдағы жылы 90 жасына толатын киелі күй өңірінің «Серпер» газетіне 2020 жылға жазылу енді-енді қарқын алып келеді.

Округ әкімдері, Денсаулық, Білім беру, Мәдениет және тілдерді дамыту, Ішкі істер бөлімдері, мектептер мен балабақшалар, түрлі ұжымдар, жеке кәсіпкерлер жеке тұрғындар да бұл саяси маңызды науқанға бар мүмкіндіктерінше үлестерін қосу сәтінде. Бұйырса «Серпер» 6 мыңнан астам шаңырақтың есігінен аттап, аудан жаңалықтарымен сусындатады деген үміт басым. Газеттің барша жанашырларын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, отбастарына, жеке бастарына амандық, абырой, ырыс, береке тілек етеміз!

«Серпер» газетінің редакциясы

Жеделхаттардың бір шоғырын назарларыңызға береміз

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! Бұған дейін өз қаражатыммен 10 адамды сүйікті газетім «Серперге» жаздырған едім, соған қосымша тағы да 5 адамға демеушілік жасағанымды қаперіңізге беремін. Аудан айнасының оқырмандары көбейіп, таралымы арта берсін! Сіздерге жемісті еңбек тілеймін!

Ұ.Иманғали, «Серпердің» штаттан тыс тілшісі

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! Біз, Н.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы ұлттың үнімен үндескен, ұлы рухымен тілдескен өмірдің айнасы, жаңалықтың жаршысы, халықтың ыстық ықыласына бөленген аудандық «Серпер» газетіне 61 данаға жазылып, болжамды артығымен орындадық.

Ш.Исатаева, мектеп директоры

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! Ауданымыздың айнасы «Серпер» газетіне өзіміз ғана жазылып қоюмен шектелмей, 11 аз қамтылған отбасын жаздыруға демеушілік жасағанымды хабарлаймын.

М.Ғабдушев, жеке кәсіпкер

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! «Атырау облысы Су арнасы» КМК аудандық «Серпер» газетіне 2020 жылға берілген 15 дана болжамды артығымен орындап, 17 данаға жазылғанын хабарлаймын.

Е.Аманжанұлы, «Атырау облысы Су арнасы» КМК директоры

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектептің ұжымы 2020 жылдың І жартыжылдығына 34 дана аудандық «Серпер» газетіне жазылып, болжамнан шыққанымызды хабарлаймын.

Руслан Хасантаев, мектеп директоры

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! «Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің ұжымы 2020 жылдың І жартыжылдығына 65 дана «Серпер» газетіне жазылып, болжамды артығымен орындағанын хабарлаймын!

Б.Бекжанов, мектеп директоры

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! Сіз басқарып отырған «Серпер» қоғамдық-саяси газеті арқылы ауданның барлық жаңалықтарын, салиқалы да салмақты мақалалар оқып келеміз. Газет тілшілері жариялап жүрген мәселелер оқырманды ойландырып, ізгілікке, жақсылыққа үндейді. «Нұржау жалпы орта мектебі» КММ-нің ұжымы баспасөзге жазылу науқанында берілген 50 дана болжамды ұйымшылдықпен орындап, сүйікті басылымына бір кісідей жазылғанын қаперіңізге беремін. Оқырмандарыңыз көп болғай!

Г.Кенжеғалиева, мектеп директоры

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі ұжымы сіздің жоспарға берген 80 дана «Серпер» газетіне жазылу болжамын 87 дана етіп, артығымен орындағанын хабарлаймын!

Г.Қалиева, мектеп директоры

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! Сіздің 2019 жылғы қыркүйек айындағы хатыңызға сәйкес 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқанының басталуына байланысты Құрманғазы аудандық музей қызметкерлері берілген болжамды орындап, 5 дана «Серпер» газетіне жазылғанын хабарлаймын!

Ж.Хайрошева, Құрманғазы аудандық музейінің меңгерушісі

Құрметті Таңатар Дәрелұлы! Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ-сінің Құрманғазы аудандық филиалы сіздің хатыңызға орай 2020 жылдың І жартыжылдығына 8 дана «Серпер» газетіне жазылғандығын хабарлайды.

С.Нәрешова, филиал басшысы міндетін уақытша атқарушы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21