«Серперде» жаңа редактор

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлының зейнеткерлікке кетуіне орай аудан әкімі Қайрат Нұртаев қабылдады.

Қабылдауға «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Қайрат Абуов бастаған ақпарат саласының өкілдері қатысты.

img_8683

Түске дейін редакцияда өткен, жаңадан тағайындалған бас редакторды орнына отырғызуға арналған салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Талапұлы сөйлеп: – Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Таңатар ағамыздың әрдайым мерейі үстем бола берсін. Халықтың алдында үлкен абырой-беделге иесіз. Сізбен бірге әлде де жұмыс істер едік, бірақ өзіңіз артыңызда өсіп келе жатқан жастарды көтермелейік деп шешім қабылдап жатырсыз. Айнагүл Күнұзаққызымен таныспыз, бірге жұмыс жасап келеміз, жақсы білеміз. Бұл қызметті алып кетеді деген сенімдеміз. Жаңа жұмысыңызға сәттілік тілейміз. Өзіңіздің басшыларыңыздың, біздің де тарапымыздан қолдау болады. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», дегендей «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» елдің игілігі үшін қызметтене берейік. Таңатар ағамыздың жолын қуып үлкен биіктерден көрініңіз, -деген ізгі тілегін жеткізді.

img_8738

«Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Қайрат Силыбайұлы: – Таңатар Дәрелұлының тарапынан 2020 жылдан бастап демалысқа шығу жөнінде ұсыныс болды. Біз үшін осы қызметте қала берсе де артықтық етпес еді. Ағамызбен байланысымызды алға қарай да үзбейміз. Аудан әкімінің келісімімен біздер осы редакцияда бес жылдан астам уақыт жұмыс жасаған Айнагүл Күнұзаққызын «Серпер» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындап отырмыз. Бастапқыда қарсы болды, бірақ келісімін берді. Жаңа орныңыз құтты болсын, жұмысыңызға табыс тілейміз. Барлық жағынан көмектесуге, қолдауға дайынбыз, - деді.

Келесі кезекте аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов, «Атырау-Ақпарат» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Қабылов, серіктестікке қарасты баспахананың директоры Әбілхан Төлеуішов, аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Ысқақ Егенбердиев, «Жайық шұғыласы», «Дендер» газетінің бас редакторы Нұрым Ерғалиев, Жанай Амантурлин және басқалары сөйлеп Т.Дәрелұлы мен А.Шакуповаға деген ақ тілектерін жеткізді.

img_8762img_8674

Түстен кейін аудан әкімі Қ.Нұртаев актив жиналысын өткізіп, «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Т.Дәрелұлының аудан үшін сіңірген еңбегін атап өтіп, алғыс хатын табыстады. «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Қ.Абуов Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Т.Дәрелұлының қызметіне жоғары баға беріп, жұмыстан кеткенімен де Атырау өңірлік бас редакторлар клубының төрағасы болып отырғанынан хабардар етті.

Одан әрі «Серпер» газетінің жаңадан тағайындалып жатқан бас редакторы А.Шакупованың өмірбаянымен қысқаша таныстырып, бұл қызметті абыроймен атқарады деген сенімін білдірді. Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Жүгінісов Т.Дәрелұлының өңіріне «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалін тағып, алғыс хатын табыстады. Осындай ақ тілектер аудандық ауыл шаруышылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Сәуменов, аудандық статистика басқармасының басшысы Ж.Мукушева, «Серпер» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы Қ.Ғұмаров, округ әкімдері атынан Б.Ақбанов тарапынан да айтылды.

img_8764

img_8762

Соңында ардагер журналист Т.Дәрелұлы 37 жыл жұмыс жасағанда 15 аудан басшысымен жұмыстас болғанын, осы мезгіл ішінде адал еңбек етсем деген алға қойған мақсатына жеткенін айтып, қызметінде өзіне қолдау білдірген аудан әкімдігіне, бөлім басшылары мен округ әкімдеріне ризашылығын, көрсетіліп жатқан құрмет үшін алғысын білдірді.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT