«Серперім – мақтанышым!» атты мүшәйра мәресіне жетті

(0 Votes)

Орталық кітапханада Құрманғазы ауданының төл басылымы «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне 90 жыл толуына орай, газет ұжымы және аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Серперім – мақтанышым!» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

mushajra-2

Таланттарды қолдап, шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылған жыр сайысында өнерімен көпшілікке танылып келе жатқан жас дарын иелері бақ сынады.

Мүшәйраның І бөлімінде «Серперім – мақтанышым!» тақырыбында қатысушылар ғасырға жуық тарихы бар басылымның рухани мән-маңызын, халық көкейіндегі түйткілді мәселелерді қозғаудағы айрықша орнын, осы газетте қызмет етіп, тыңнан түрен салған тұлғалар есімін жырына арқау етті. II бөлімде «Құрманғазым – құт мекенім» деген атаумен бауырынан елге еңбегі елеулі саңлақтарды түлеткен, табиғаты көз сүйсінтер киелі Құрманғазы өлкесі туралы жазылған туындаларын тебірене оқыды. «Шын жүйрікке тұсау жоқ» атты III бөлімде үміткерлер ұяшыққа жасырынған әртүрлі тақырыптарды таңдау арқылы 5 минут ішінде 8 жолдан кем емес өлең жазып, суырыпсалмалықтағы қабілет-қарымдарын көрсетті.

mushajra-3

mushajra-4

mushajra-5

Аталмыш басылымның ұзақ жылдар бас редакторы қызметін атқарған ардагер журналист, «Құрмет» орденінің иегері Таңатар Дәрелов, штаттан тыс тілші, ақын Есмұхан Жанизин, бас редактордың орынбасары, жауапты хатшы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қанат Ғұмаров қатысушылардың шығармаларының идеясы және компазициялық тұтастығы, әдеби тілінің байлығын саралап, әділ бағалады. Нәтижесінде жүлделі 1 орынды Ақтілек Абайқызы, 2 орынды Еркебұлан Өтебаев, 3 орынды Ұлан Иманғалиев еншіледі. Алғыс хатпен Самал Утепова, Ерқанат Жұмабаев, Назерке Райымбекова марапатталды.

mushajra6

mushajra-8

mushajra7

Жүлдегерлерге арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521