Әсерлі өткен кездесу

(0 Votes)

Жаңаша мазмұнда білім берудің озық тренері Асхат Алимов – біздің мектебімізде.

Ол, ауданға қарасты ілім ошақтарының басшылары мен орынбасарларын Ломоносов атындағы орта мектебінде жинап, «Мектеп командалары: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбындағы курс бағдарламасы бойынша тренинг өткізді.

Бұрын-соңды болмаған екі күндік жиында мектеп директоры Т.Ажгалиева бастаған ұжым жаңаша бағытта жасақталған жұмыстармен таныстырды. Ал, Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Асхат Алимов әр мектептің көшбасшыларына мотивациялық қолдау білдіре отырып, өз тәжірибесінің оңды тұсымен бөлісті. Кейін, М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінен өткен сабаққа қатысып, мұғалімдерге кері байланыс берді. Тәжірибеге толы екі күнде ұстаздарымыз тренер тарапынан шынайы әріптестік қолдау тауып, білікті маманнан үйренген білім берудегі ұтымды әдістермен жұмыстарын жалғастыруда.

img-20211129-wa0034

Сонымен қатар, педагогтар өз тәжірибелерінде қолданып жүрген интербелсенді әдістер жайында да ой бөлісе отырып, сыныптағы көшбасшылықты дамыту бағытында кеңестер алды. Зерттеу сабақтарын өткізудегі ерекшеліктер туралы Асхат Алимовтың пікірін тыңдады. Табысты сабақ сырларымен бөліскен педагог-ғалым «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»- деген аталы сөзді алға тартып, оқушыларға ұстаздық тілегін жазып, аудан педагогтары автордың қолтаңбасын алды.

 

Толқын Қадырбайқызы

М. В. Ломоносов мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521