Әсерлі кездесу

(0 Votes)

Аудандық жастар ресурстық орталығы жұмыс жоспарына сәйкес «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұлағатты ұстаз, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Қадырбай Жандыбайұлымен кездесу кешін өткізді.

Шара тізгінін алған орталық басшысы Наурызбай Амантайұлы жобаның негізгі мақсатымен таныстырып, кеш қонағына жылы лебізін білдіріп, ғұмыр жолынан қысқаша шолу жасады. Ардагер орталықты жаңа ғимаратымен құттықтап, алда атқарылар істеріне сәттілік тіледі. Өзі өмір сүрген кезеңнің қиындығын, еңбек жылдарының басталуын, қазіргі күнде қоғамдық мәселелерді шешудің басы-қасында жүргенін әңгімеледі.

img_9865

Сонымен қатар еріктілер мен Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі студенттерінің сұрақтары турасында алғашқы еңбек жолындағы естен кетпес естеліктер, ұстаз атанудың жауапкершілігі, достық ұғымындағы ой-пікірлерімен бөлісті. Бейбіт заманда ауыл-ауылға бөлініп, теке-тіреске баратын ер-азаматтардың қылмыстық жағдайларына нүкте қою бағытында құқық қорғау органдарымен бірлесіп әртүрлі тәрбие сағаттарын өткізудің маңызын айқындады. Қазіргі таңда жастардың әдеби кітаптарды көп оқымай, тарихты терең тәлімдеуге аса ден қоймайтынынакөңілі толмайтынын білдірді.

img_9889

«Ұлт болашағы ретінде өскелең ұрпаққа үлкен сенім артамын. Отанды сүю, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді ардақтау – баршамызға борыш. Адал еңбек ету арқылы еліміздің іргесін нығайтуды басты қағида тұтыңдар. Сыбайлас жемқорлық жақсылық әкелмейді.Табандылық, шыншылдық қасиеті арқылы ойға алған істі аяғына дейін апару абырой биігіне көтереді» деп толқи сөйлеген ардагер Елбасының елі үшін атқарған батыл қадамдарына да ерекше тоқталды.

Көрерменнің қызығушылығымен өзінің кеудесіне таққан көптеген төсбелгілерінің алу тарихымен бөлісті. Бүгінде жас отбасылар арасында кең етек жайған ажырасудың туындау себептерін қаржылық жетіспеушілік, ішімдікке жақындық, ерте жаста жауапкершілікті сезінбеумен байланыстырып, шаңырақты шайқалтпаудың негізі уәдеге беріктік, өзара келісім деп топшылады.

img_9892

Зайыбы Майра Қабдолқызымен түсіністік, сыйластықта әдемі сәттерді бірге өткізгенін, бала тәрбиесінде қаталдық пен мейірімділікті қатар ұстау керектігін алға тартты.

img_9894

Шара соңында жастарға ақ ниеті мен ризашылығын төккен кеш қонағына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табысталды.

Еркеназ Қалижан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT