Әсерлi кездесу

(0 Votes)

Ақкөл ауылдык округi аппаратының ұйымдастаруымен ауыл жастарын Отанды суюге, патриотизмге тарту мақсатында әсерлі де нәтижелі шара болып өттi.

Шараға Ақкөл жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары, аудандык Қорғаныс Icтepi жөнiндегi бөлімнің аға инспекторы Н.Шираев, Ганюшкин темiржолдық шекаралық бақылау бөлiмшесiнiң офицерлерi Д.Зейнулдаев, Е.Болатов, шекара қызметі академиясының курсанттары Ә.Фазылбек, К.Билiбай, Б.Темiрбеков, Б.Дәулетбаевтар, Ганюшкин темiржолдық шекаралық бақылау бөлiмшесiнiң келiсiм-шарт бойынша қызмет етушiлері Е.Урынгазиев, 0.Болатов, К.Жумажановтар катысып, әскери қызмет туралы пiкiр-ойларымен бөлiстi.

Шынымен де қазіргі кезде әскер қатарын толықтырып, Отан қорғау iciнe атсалысуға көп жастарымыз енжар қарауда. Бұл кездесуден кейiн Отан қорғаудан аскан қастерлі  іс жоқ екендігін жақсы түсінген мектеп оқушылары аға буынды қызыға тыңдап, жақсы әсермен  тарқасты.

Е.Қайыр,

Ақкөл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT