Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Құрманғазы ауданына барды

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Құрманғазы ауданына барды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы сапар барысында Шортанбай ауылындағы балық зауытының жұмысымен танысты.

lkojkm

Зауыт балық аулау және өңдеу ісімен айналысады. Онда қақталған, кептірілген балық және балық өнімдері, жартылай фабрикаттар, шортан уылдырығы дайындалады. Сонымен қатар, балық ыстау-қақтау, тұздау және тоңазыту цехтары жұмыс істейді. Дайындалған өнімдер ішкі нарықтан бөлек шетелге экспортқа шығарылады.

542121

Одан бөлек, өңір басшысы Бірлік ауылында орналасқан «Каспий-Балық» өндірістік кооперативінің ғимаратын аралап, қызметімен танысты.

Өндірісте қазіргі таңда 250 тұрақты және 250 маусымдық қызметкер еңбек етеді. Бір қабатты ғимаратта тәулігіне 30 тонна балық өнімін салқындатылған, қатырылған және арнайы бөлшектелген түрде өңделеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT