Серік Шәпкенов: Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдар үшін басым міндет

(0 Votes)

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Байда ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. 
Облыс әкімімен кездесуде тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді көтерді. «Атырау-Астрахань» автомобиль жолы, әлеуметтік нысандарды жаңарту және сапалы ауыз сумен қамту жайы айтылды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықпен тығыз байланыс орнату бойынша нақты тапсырмалар берді. Осында айтылған мәселелер заң аясында шешімін табады. Ал енді ауыз су жайына тоқталсам. Қазіргі кезде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Халық тіршілік нәрінен тарықпауы тиіс. Ауылды дамытуға бөлінген қаржы мақсатты түрде жұмсалуы керек, деді Серік Шәпкенов.

Кездесуден соң аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Айта кетейік, Байда ауылының тұрғындар саны 1900-ден асады. Онда 1 мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі бар.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика