Серік Шәпкенов вице-министр болып тағайындалды

(0 Votes)

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады.

Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521