Сенбілікке шығуды міндетім деп біл!

(0 Votes)

Қыс маусымы өтіп, көптен күткен көктем де басталды.

Онымен бірге айналамызды тазалауға көңіл бөлетін кездің де келіп жеткенін айтуға тиіспіз. Өзінің тұрып жатқан аймағының таза болғанын қаламайтын жан жоқ шығар, сірә. Әкім-қараның айтуынсыз-ақ көктемгі тазалық және көріктендіру жұмыстарын үй маңынан бастай беру әркімнің де қолынан келетін іс. Қоғамдық жұмысқа тартылғандар немесе сенбілікке шыққандар тазалап кетеді ғой деп тоғышарлық қалып таныту жақсы емес. Бірауық ұзарған күннің осы бір керімсал мезетін пайдаланып тырнауыш-сыпыртқыңды алып үй-жай айналасымен қоса жаға бойын тазалағанда ешкімнің ештеңесі кетпесі анық. Дегенменде 2020 жылдың 5 және 13 наурыз күндері сағат 16 мен 18 аралығында сенбілік өтетіні туралы аудан әкімдігінен келген хатқа сәйкес кейбір мекемелер өткен бейсенбіде өздеріне бөлініп берілген жерлерді тазалауға шықты.

img_0801

img_0807

Редакцияның шағын ұжымы да аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен бірге өздеріне тиесілі Тухлое өзегінің жаға бойын біраз күл-қоқыстардан арылтып, ажарын кіргізіп тастады. Бір байқағанымыз, сол маңдағы тұрғындар жылдағыша бейжайлық танытты, қатарымызға қосылғандары көрінбеді. Мұндай сенбіліктерге бір кісідей қатысып, айналамызды айнадай тазартып, көркіне көрік қосу баршамыздың ортақ міндетіміз екенін түсінетін күн келер ме екен осы!?

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT